Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығы

Құрметті 7-10 класс оқушылары мектеп кітапханасының ұйымдастыруымен ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай «Бүгін менің туған күнім ой пәлі-ай» атты ақын өлеңдерін мәнерлеп оқудан мектепішілік байқау жариялаймыз. Бұл ақын өлеңдерін сүйіп оқитын оқырман үшін үлкен мүмкіндік. Сіз Мұқағалиға деген құрметіңізді көрсетіп қана қоймай, өзіңіздің шығармашылық қабілетіңізді көрсетесіз. Ол үшін Мұқағалидың шығармашылығынан бір туындыны жатқа оқып, соның мағынасына сай 1-3 минут аралығында бейнеролик түсіріп, kuanish.k.95@mail.ru, tansho_04.96@mail.ru электронды почтамызға жолдай аласыз. Байқау ақпанның 15-25 күні аралығында өтеді. Ақпан айының 26 күні бізге жолдаған туындыларыңызды қазылар алқасы талдап, саралайды. Наурыз айының 01 күні марапаттау рәсімі өтеді. ҚатысыңыздарІ Біз сіздердің туындыларыңызды асыға күтеміз. Болмысы дара, бірегей, ақиық, мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаевтың өлеңін тағы бір жаңғыртайық.

Құрметті мектеп әкімшілігі, ұзтаздар, оқушылар, ата-аналар!

Мектеп кітапханасы 2021 жылдың ақпан-наурыз айы аралығында «14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау» күніне орай «Шын жүрекпен кітап сыйла!» акциясын ұйымдастырады.
Акцияның мақсаты – жас ұрпақтың назарын кітапқа аудару, барлық адамзатты, оқырман қауымды кітап сыйлау арқылы кітап оқуға қызығушылығын арттыру.
Акцияға жаңа басылымдармен қатар, қолдануға жарамды, тарихи-мәдени құндылықтарын жоғалтпаған, әртүрлі мазмұндағы әдеби оқулықтар қабылданады. Сіздер сыйға тартқан әрбір басылым — маңызды, өйткені ол сол кітаптың ғұмырын созуға, кітапханаға көмек беруге және оқушылардың рухани байлығын дамытуға, оқу мәдениетін жақсартып, уақыттарын тиімді пайдалануға мүмкіндікті күшейтеді.
Сіздерді акцияға қатысуға шақырамыз!
@school_number_56

Стартует олимпиада по общеобразовательным предметам

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі 2021 жылғы 8-12 ақпан аралығында өткізілетінін хабарлайды. Аудандық кезеңге республика бойынша 101 мыңнан аса бала қатысқалы отырса, оның ішінде Ақтөбе облысынан 5601 бала өз білімін ортаға салады. Эпидемиологиялық жағдайды қатаң ескере отырып, олимпиаданы офлайн тәртібінде кестеге сәйкес өткізу жоспарлануда. Олимпиада жаратылыстану-математикалық циклі және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша өткізіледі. Облысымыздың дарынды балаларына білім додасында сәттілік тілейміз!


Спешим сообщить, что районный этап республиканской олимпиады по общеобразовательным предметам будет проходить с 8 по 12 февраля текущего года. В данном этапе примут участие более 101 тысячи школьников по всей республике, из них актюбинских детей-5601. С учетом эпидемиологической ситуации каждой местности предлагается формат проведения Олимпиады в режиме офлайн. Олимпиада проводится по предметам естественно-математического цикла и общественно-гуманитарного направления. Всем одаренным нашим детям желаем удачи!