Құрметті мектеп әкімшілігі, ұзтаздар, оқушылар, ата-аналар!

Мектеп кітапханасы 2021 жылдың ақпан-наурыз айы аралығында «14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау» күніне орай «Шын жүрекпен кітап сыйла!» акциясын ұйымдастырады.
Акцияның мақсаты – жас ұрпақтың назарын кітапқа аудару, барлық адамзатты, оқырман қауымды кітап сыйлау арқылы кітап оқуға қызығушылығын арттыру.
Акцияға жаңа басылымдармен қатар, қолдануға жарамды, тарихи-мәдени құндылықтарын жоғалтпаған, әртүрлі мазмұндағы әдеби оқулықтар қабылданады. Сіздер сыйға тартқан әрбір басылым — маңызды, өйткені ол сол кітаптың ғұмырын созуға, кітапханаға көмек беруге және оқушылардың рухани байлығын дамытуға, оқу мәдениетін жақсартып, уақыттарын тиімді пайдалануға мүмкіндікті күшейтеді.
Сіздерді акцияға қатысуға шақырамыз!
@school_number_56