Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығы

Құрметті 7-10 класс оқушылары мектеп кітапханасының ұйымдастыруымен ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай «Бүгін менің туған күнім ой пәлі-ай» атты ақын өлеңдерін мәнерлеп оқудан мектепішілік байқау жариялаймыз. Бұл ақын өлеңдерін сүйіп оқитын оқырман үшін үлкен мүмкіндік. Сіз Мұқағалиға деген құрметіңізді көрсетіп қана қоймай, өзіңіздің шығармашылық қабілетіңізді көрсетесіз. Ол үшін Мұқағалидың шығармашылығынан бір туындыны жатқа оқып, соның мағынасына сай 1-3 минут аралығында бейнеролик түсіріп, kuanish.k.95@mail.ru, tansho_04.96@mail.ru электронды почтамызға жолдай аласыз. Байқау ақпанның 15-25 күні аралығында өтеді. Ақпан айының 26 күні бізге жолдаған туындыларыңызды қазылар алқасы талдап, саралайды. Наурыз айының 01 күні марапаттау рәсімі өтеді. ҚатысыңыздарІ Біз сіздердің туындыларыңызды асыға күтеміз. Болмысы дара, бірегей, ақиық, мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаевтың өлеңін тағы бір жаңғыртайық.

Поделись этим!